ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда «Борышкер» жедел алдын алу шарасы кезінде алаяқ ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталмыш шара 18-28 маусым аралығында өтуде.
25 маусым күні «Ураган» жылжымалы автокешенінің көмегімен «ВАЗ-21140» (мемлекеттік нөмірі U126EE, 73-аймақ, РФ) автокөлігі жүргізушісінің жол ережесін бұзу бойынша айыппұлын төлемегені анықталды.
Тексере келе жүргізушіге Орал қаласындағы алаяқтық әрекеті үшін іздеу жарияланғаны белгілі болды. Атап айтқанда, ол 2015 жылы жер телімін сатамын деген желеумен біреудің 0,5 млн теңгесін иемденіп кеткен.
Қазіргі кезде аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).