ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда 10 айлық сәби ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, сәби облыстық көпбейінді балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде бактериялық жұқпадан көз жұмды.
Дәрігерлер бүлдіршіннің өмірін сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасады.
«Күн сайын консилиумдар жүргізілді. Телемедицина арқылы республикалық аналар мен балалар орталығы мамандарынан кеңес алынды. С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті балалар аурулары кафедрасының доценті көзбе-көз кеңес берді. Соған қарамастан, бала 10 маусым күні жан тапсырды», - деді А.Сақпосынова.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).