ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда 10 жасар қызды қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұдан бұрын хабарланғанындай, Нұр көшесі 5-үй маңында белгісіз жүргізуші 10 жасар қызды қағып, бой тасалаған болатын.
Бүлдіршін қыз сол жерде көз жұмды.
Оқиға орнына жедел тергеу тобынан басқа полиция департаментінің басшылары барып, күдіктіні ұстауға жеке құрам жұмылдырылды.
Нәтижесінде қызды қаққан 1986 жылғы жүргізуші ұсталды, ол уақытша оқшаулау изоляторына қамалды.
Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі және 347-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).