Оралда 12 жүргізуші жалған көлік нөмірлерімен ұсталды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласында жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін пайдаланған 12 жүргізуші анықталып, жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Орал қаласы мамандандырылған әкімшілік соты олардың әрқайсысына 48100 теңге көлемінде айыппұл салды.

Күні бүгінге дейін олардың сегізі айыппұлды өз еркімен төлеген. Қалғандарынан мәжбүрлі түрде өндіріледі.

Айта кетейік,  ҚР жол жүру ережесіне сәйкес мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ немесе тіркеу құжаттарына сай келмеген көлік құралын басқаруға тыйым салынады. ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 590-бабы 4-бөлігіне сәйкес жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін таққан жүргізушіге 20 АЕК көлемінде айыппұл салынады немесе ол бір жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылады.