ОРАЛ. KAZINFORM — Оралда 14 қабатты тұрғын үйде қайғылы оқиға болды.БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 11 мамыр күні түскі мезгілде «Құрылысшы» шағынауданында болды.
Алдын ала мәлімет бойынша 13-қабаттан 27 жастағы азиат пішіндес жас жігіт құлап кеткен. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеді.
— Алған жарақаттары салдарынан марқұм оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі кезде оқыс оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр, — деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда автосалонда төрт әйелдің жарақат алуына байланысты тексеру жүргізіліп жатқанын жазған едік.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).