25 қыркүйек күні Орал қаласы Зачаган кентінің полиция кезекші бөліміне облыстық балалар ауылының басшылығы шағымданып келген. Айтуларынша, кәмелет жасына толмаған екі жеткіншек ауылдан қашып кеткен.
Олар - 2005 жылы 19 мамырда туған Сергей Таишев және 2006 жылы 10 қыркүйекте дүниеге келген Илья Шканов.
Сергейдің бойы - 160-165 см, шашының түсі - ақшыл сары. Үстінде қара түсті спорт жейдесі, көкшіл футболка, көк джинсы, аяғында қара кросс болған.
Ильяның бойы - 158-160 см, арықша келген, көзінің түсі - қара, шашы қысқа қырқылған, қара түсті. Үстінде ақ көйлек, күңгірт көк түсті шалбар, қара туфли болған.
Олар 24 қыркүйек таңғы сағат 10:00 шамасында Орал қаласындағы балалар ауылынан шығып кеткеннен қайтып оралмаған.
Балалар жайлы қандай да бір мәлімет білетін жандар мына нөмірлер арқылы Орал қалалық полиция бөліміне хабарласа алады: (8-7112) 21-17-19, 28-33-96, 92-18-04, 98-44-53 немесе 102.