Оралда 15 жасар оқушы суға кетті

Фото: None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін, 28 мамыр күні Оралда 15 жасар оқушы Шаған өзеніне батып кетті.

БҚО ТЖ департаментінен түскен мәліметке қарағанда, ол - №30 мектеп шәкірті, балалар ауылында тәрбиеленген.

Осымен мамыр айында өңірде 11 адам суға кетсе, соның жетеуі балалар болып отыр.