ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда 16 жасар қыз төртінші қабаттан секіріп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға 16 қыркүйек күні кешкісін Ә.Молдағұлова көшесі 9-мекенжайында орын алды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, қыз бас сүйегінен жарақат алып, миы шайқалған. Оң жамбасының ұшы сынған.
Аман қалған қыз облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі кезде оның жағдайы орташа ауыр дәрежеде, бөлімшеде жатыр. Диагнозы – жамбасы мен иығы сынған, жабық бас-ми жарақаты.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда ер адамның денесі табылғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).