ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда 16 жастағы жасөспірім үш күннен бері іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Александр Милюков 19 наурыз күні таңмен Зачаган кентіндегі отбасылық үлгідегі балалар ауылынан шығып кеткеннен оралмаған.
Ол осыдан тура 16 жыл бұрын, 2004 жылғы 22 наурызда дүниеге келген.
Жасөспірімді көрген не хабары бар адамдар 102 немесе 92-18-04 телефонына хабарласа алады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жоғалып кеткен әйелдің ауылдан табылғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).