ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда автокөлік қағып кеткен 80 жастағы кейуана көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 1 қазан күні сағат 14.20-да болды.
18 жастағы жүргізуші «Hyundai Sonata» автокөлігімен Н.Назарбаев даңғылымен келе жатып, «Марина» кафесі тұсында реттелетін жаяу жүргінші өткелімен өтіп бара жатқан 1941 жылы туған кейуананы қағып кеткен.
«Жол апаты салдарынан кейуана облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізіліп, травматология бөлімшесіне жатқызылды. Алайда сағат 18.30-да қайтыс болды.
Мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді.
Автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Қазіргі кезде аталған оқиға бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», деп хабарлады ведомстводан.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).