ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда екі ер адам мұз астына түсіп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін Желаев кентінде болды.
Сағат 17.30-да «Орыс моншасы» ауданында жасанды су қоймасында конькимен сырғанау кезінде ер адамның мұздың астына түсіп кеткені жөнінде мәлімет түскен.
Құтқарушылар (4 адам, 1 техника) сағат 17.49-да жеткенде екі адамның сондай жағдайға тап болғаны анықталды.
Олардың екеуі де құтқарылды.1989 жылғы ер адам конькимен сырғанаймын деп мұздың астына түсіп кетсе, екіншісі, 1967 жылғы азамат оған жәрдем бермек болған.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, 1989 жылғы ер адам медициналық көмекке жүгінді. Жарақат алмаған. Денесі тоңазыған ол қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да мұздың астына түсіп кеткен екі ер адамның құтқарылғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).