ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда екі күдікті таксисті ұрып, автокөлігін айдап кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға «Жұлдыз» шағынауданында болды.
Белгісіз екеу 24 жастағы таксиске күш көрсетіп, оның «Chevrolet Aveo» автокөлігін айдап кеткен. Сөйтіп оған 1,5 млн теңге залал келтірген.
Осы қылмысқа күдікті ретінде Орал қаласының 21 жастағы екі тұрғыны ұсталып, уақытша оқшаулау изоляторына қамалды.
Автокөлікті олар Атырауда сатып жібермекші болған. Көлік Атыраудан табылып, иесіне қайтарылды.
Қазіргі кезде ҚР ҚК 192-бабы 2-бөлігіне (қарақшылық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).