ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда екі ер адамның өліміне қатысты күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Орал қалалық ішкі істер басқармасы бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Бисеновтің айтуынша, қанды оқиға Х.Чурин көшесі бойындағы көп қабатты 162-үйде орын алды.
6 қазан күні түс ауа пәтерлердің бірінен 1978 және 1987 жылғы екі адамның мүрдесі табылды.
«Осы қылмысқа күдікті ретінде екі адам ұсталып, уақытша оқшаулау изоляторына қамалды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігіне сәйкес (екі адамды өлтіру) қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде», деді ҚазАқпарат тілшісіне Н.Бисенов.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).