ОРАЛ. 9 қазан. ҚазАқпарат - Оралда №2 қалалық соты ғимараты күрделі жөндеуден кейін салтанатты түрде қайта ашылды.
Облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлағанындай, облыстық сот төрағасы Қамбар Нұрышев ғимараттың сот төрелігін атқару үшін барлық қазіргі заманғы талаптарға сай келетінін атап өтті. «Бұл - мемлекет тарапынан үлкен қолдау», деді ол.
Сот жүйесінің ардагерлері Бижан Иманғалиев, Қарлығаш Батаева, Қалима Өтешева, көршілес орналасқан Орал қалалық сотының төрағасы Ғалымжан Ищанов ғимараттың ашылу салтанатымен құттықтады. №2 қалалық сот төрайымы Маржангүл Ақбергенова күрделі жөндеу кезінде, қажетті жабдықтармен қамтуда қолдау көрсеткені үшін облыстық сот басшылығына ризашылығын білдірді.
Аталмыш сот ғимаратында компьютермен жабдықталған арнайы кабинеттер, түрлі шаралар өткізетін конференц-залдар, шағын қонақүй де бар.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).