ОРАЛ. KAZINFORM — Орал қаласында 21 жастағы қыз Шаған өзенінен өтетін көпірден секіріп кетті.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 25 қараша күні болды.
«112 пультіне хабарлама түскен бойда құтқарушылар оқиға орнына жетті. Олар қызды өзеннен шығарып, психологиялық көмек көрсетті. Құтқарушылардың үйлесімді және жедел әрекеттерінің арқасында қыз аман қалды. Ол жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды», деп хабарлады ведомстводан.
Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО дәрігерлерінің өрт кезінде 4-қабаттан секірген балалардың жағдайы жөнінде айтқанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).