ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда 24 жүргізушінің жалған нөмірмен жүргені анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 590-бабы 4-бөлігіне сәйкес жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірі бар көлік құралын жүргізгендерге 20 АЕК көлемінде айыппұл салынады.
Орал қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен биыл 24 жүргізуші сондай құқықбұзушылыққа барғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың әрқайсысына 48100 теңге айыппұл салынды.
Қазіргі таңда 20 жүргізуші айыппұлды өз еркімен төлесе, қалған төртеуіне мәжбүрлеу шарасы қолданылатын болады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қалада 80-ге жуық жүргізушінің жолдың қарсы бетіне шығып кеткені үшін куәлігінен айырылғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).