Оралда 3 жасар қыздың ыстық сорпаға күйіп қалуы оқиғасы бойынша балабақша басшысына тәртіптік жаза қолданылды, деп хабарлайды Kazinform.
Орал қаласы білім беру бөлімінен мәлім еткендей, түскі ас кезінде күйіп қалған бүлдіршінге алғашқы көмек көрсетіліп, дереу жедел жәрдем шақыртылған.
«Оқиға бойынша зерделеу жүргізілді. Өз лауазымдық міндеттерін атқару барысында өрескел кемшіліктерге жол берген тәрбиеші мен тәрбиешінің көмекшісі жұмыстан шығарылады. Мектепке дейінгі ұйым меңгерушісі міндетін атқарушыға қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза берілді» деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда 3 жасар қыздың ыстық сорпаға күйіп қалғанын жазған едік.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).