ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда биыл көлікті мас күйінде жүргізген 336 тұрғын көлік жүргізу құқығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Орал қаласы мамандандырылған әкімшілік сотынан түскен мәліметке қарағанда, жүргізушілердің кінәлары медициналық куәландыру қорытындысымен дәлелденді.
ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 608-бабына сәйкес жол ережесін қатаң бұзған жүргізушілер түрлі жауапкершілікке тартылды. Атап айтқанда, 22 адамға қамаққа алу түріндегі жаза қолданылса, 314-і 3 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).