Оралда 38 жастағы ер адам пышақ жарақатынан мерт болды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда пышақ жарақатынан ер адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 28 желтоқсан күні Әбубәкір Кердері көшесі, 181 мекенжайында болды.

Жедел жәрдем сағат 02.39-да шақырылды. Кеуде тұсынан пышақ жарақатын алған 38 жастағы ер адам жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды.

Тұрғындардың сөзіне қарағанда, ер адам азаматтық некедегі әйелімен бірге арақ ішкен. Соның барысында сөзге келіп, салдарынан әйелі пышақ сұғып алған.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалы жүргізіліп жатқанын жеткізді. Күдікті әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тұрғындардың сөзіне қарағанда, ер адам азаматтық некедегі әйелімен бірге арақ ішкен. Соның барысында сөзге келіп, салдарынан әйелі пышақ сұғып алған.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда ток соққан ер адамның қаза болғанын жазған едік.