ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда төрт жасар бала екінші қабат терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 9 желтоқсан күні сағат 18.30-да Ә.Кекілбаев көшесі 141-8-мекенжайында болды.
Ата-аналарының қарауынсыз қалған 4 жасар ұл бала терезден құлап кетіп, облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жатқызылды.
Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы (3 қызметкер, 1 техника) барды.
Алдын ала мәлімет бойынша баланың оң жақ самай тұсы көгерген, жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған.
Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да газ ауа қоспасы жарылып, екі адамның күйік жарақатын алғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).