Оралда 400-ге жуық жүргізуші куәлігінен айырылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты мас күйінде автокөлік руліне отырған 406 жүргізушіге қатысты әкімшілік істі қарады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілердің кінәсі медициналық куәландыру қорытындысымен дәлелденіп, оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 608-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.

Соттың шешімі бойынша 16 адамға қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалса, 390-ы 3 жылдан 5 жылға дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылды. 

Фото  kazvesti.kz