34 жастағы қала тұрғыны алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Тергеу деректеріне сәйкес, ол табысты арттырамын деген желеумен Бөрлі ауданының тұрғынын алдап, жалпы сомасы 45 миллион теңге болатын қаражатты иемденген.
- Алаяқтық әрекеттер 2023 жылдың шілдесінен 2025 жылдың қазан айына дейін жалғасқан. Бұл жәбірленушіні ұзақ уақыт және жүйелі түрде алдап келгенін көрсетеді, - делінген ақпаратта.
Сондай-ақ күдіктінің бұған дейін де осыған ұқсас қылмыстары үшін жауапкершілікке тартылғаны анықталды.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстың барлық мән-жайы анықталуда.
Айта кетейік, тағы бір алаяқ пәтерлер мен жер учаскелерін төмен бағада ұсынған.