ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда 5 жасар бала үшінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше кешкісін Ә.Молдағұлова көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде болған.
2014 жылғы ұл бала үйде жалғыз болған. Ол ойнап жүріп, абайсызда терезеден құлап кеткен.
Құлаған бала жағдайы ауыр күйінде облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының нақтылауынша, бала толық тексерілді. Қазіргі кезде ол жансақтау бөлімінен бөлімшеге ауыстырылды.
Оқыс оқиғаның жай-жапсарын мамандар анықтап жатыр.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).