ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда із-түзсіз жоғалып кеткен 56 жастағы әйел табылмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Зачаган кентіндегі М.Мөңкеұлы көшесі 85/2-үйде тұратын Лидия Краденова 23 қыркүйек күні шығып кеткеннен оралмаған.
Оның қолында «Ксеоми» маркалы ұялы телефоны болған. Бұдан бұрын да кетіп қалып жүрген әйел «жеңіл дәрежеде күйзеліске ұшырау» диагнозымен есепте тұрған.
Туысқандары әйелдің жоғалып кеткені жөнінде 28 қыркүйек күні полицияға арыз түсірген. Содан бері полиция қызметкерлері де іздестіруде.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).