ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда 60 жастағы ер адам жетінші қабаттан құлап, көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға бүгін И.Ларин көшесіндегі көпқабатты үйде түске таман болды.
Жедел жәрдем жергілікті сағат 12.30-да шақыртылды. Алайда 1961 жылғы ер адам ауыр жарақаттан жедел жәрдем келгенге дейін жан тапсырды. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жол апатында 5 адам зардап шеккенін жазған болатынбыз. Бұл оқиға салдарынан жарақат алған 13 жастағы қыз бала кейін облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жатқызылды. Жағдайы орташа ауыр.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).