ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда 68 жастағы ер адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 11 қыркүйек күні таңмен Әбілқайыр хан даңғылы бойында орын алды.
Сағат 09.13-те ер адамның денесі табылғаны жөнінде хабар түскен.
Полиция қызметкерлері оның 1953 жылғы тұрғын екендігін анықтады.
Марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.
Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда автокөлік аударылып, екі адамның көз жұмғанын, Оралда төбелес болып, жас жігіттің денесі табылғанын жазған едік.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).