ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда жоғалып кеткен 71 жастағы ер адам бір аптадан кейін табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, Иван Касаткин кеше түсте Зачаган кентіндегі «Нефтэк» жанар-жағар май құю стансасы маңынан табылды.
Ер адам қазір ауруханада жатыр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жоғалып кеткен 71 жастағы ер адамның іздестіріліп жатқанын жазған болатынбыз.
Ол 13 қазан күні үйінен шығып кеткеннен оралмаған.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).