ОРАЛ, ҚазАқпарат - Оралда 71 жастағы ер адам өзіне-өзі қол жұмсады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға 25 қаңтар күні болды.
Шамамен сағат 20.30-да 1949 жылғы ер адамның мүрдесі табылды.
Ол өзіне-өзі дене жарақаттарын салып, көз жұмды.
Қазіргі кезде ҚР ҚК 105-бабына (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, жедел жәрдем сағат 21.10-да шақырылды. Марқұм пышақ жарақатынан жедел жәрдем келгенге дейін мерт болды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда тұрғын үйдегі өрт орнынан қарияның мәйіті табылғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).