ОРАЛ. ҚазАқпарат – БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 85 жастағы кейуана мен оның мүгедек ұлын өлтіргендерге үкім шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, 28 жастағы Андрей Тюклин 23, 27 жастағы Михаил Зимнухов 21 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сондай-ақ ұрлық жасағаны үшін 29 жастағы Әсет Қибашев 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жеке үйден екі адамның мүрдесі табылғанын, кейуана мен оның мүгедек ұлын өлтірген күдіктілердің ұсталғанын жазған болатынбыз.
Онда 1935 жылғы Матрена Кулакова мен оның 1959 жылғы ұлы, сал ауруына шалдыққан Константин Кулаковты өлтіргендердің қалай қолға түскені айтылған еді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).