ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда адам өлтірген 33 жастағы күдікті қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚазАқпарат бұдан бұрын жазғандай , Оралда кісі өлтірген күдікті іздестірілген болатын.
2 қыркүйек күні сағат 23.45-те белгісіз біреу 32 жастағы ер адамға пышақ сұғып, соның салдарынан жәбірленуші жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмған еді.
«Полиция қызметкерлері тергеу іс-қимылдары барысында 1988 жылғы күдіктіні анықтап, ұстады. Ер адам айыбын толықтай мойындады. Қазіргі кезде ол уақытша ұстау изоляторында отыр. Осы оқиға бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне (кісі өлтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», деп хабарлады БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).