ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда адам өлтірген күдікті қылмыстың ізі суымай ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұдан бұрын жазғанымыздай, Оралда төбелес болып, жас жігіттің денесі табылған еді.
БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, қанды оқиғаға қатысушылар мен куегерлерді анықтауға барлық жеке құрам жұмылдырылды.
Соның нәтижесінде аса ауыр қылмысты жасаған 1998 жылғы күдікті қолға түсті. Оның кінәсін мойындаған сөздері тергеу барысында дәлелін тапты.
Қазіргі кезде ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.
Еске сала кетейік, Оралда сондай-ақ 68 жастағы ер адамның мүрдесі табылды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).