Оралда әкемізге барамыз деп шешкен үш бала көрші облысқа кетіп қалған

ОРАЛ. KAZINFORM — Орал қаласында жоғалып кеткен үш бала Ақтөбе облысынан табылды.

Фото: БҚО полиция департаменті

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, балалардың жоғалып кеткені жөнінде хабар 12 шілде күні түскен.

Олардың үлкені 13-те, ортаншысы 10-да, кішісі 4 жаста. 

Фото: БҚО полиция департаменті

Полиция департаментінің барлық қызметтері мен бөлімшелеріне және шекаралас облыстарға дереу іздестіруге бағыт-бағдар берілді.

Нәтижесінде полиция қызметкерлері Ақтөбе облысындағы әріптестермен бірлесіп, жоғалған балаларды 13 шілде күні автобустардың бірінен тапты.

Фото: БҚО полиция департаменті

«Алдын ала мәлімет бойынша олар Түркістанда тұратын әкесіне кетуге шешім қабылдаған. Қазіргі уақытта балалардың бәрі анасына қайтарылды. Олардың жағдайы жақсы, өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Полиция департаменті ата-аналарға балаларына және олардың өміріне өздері жауапты екенін ескертеді. Мұндай фактілерге жол бергені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік көзделгенін ескертеді», деп хабарлады ведомстводан. 

Фото: БҚО полиция департаменті

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда Деркөл өзенінде 12 жасар баланың көз жұмғанын жазған болатынбыз.