Оралда АҚШ-тың 100 долларлық жалған купюраларын өткізбекші болған жергілікті азамат ұсталды - ҚР ІІМ

АСТАНА. 2 наурыз. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Орал қаласында сауда үйлерінің бірінде АҚШ-тың 100 долларлық жалған купюраларын өткізбекші болған 35 жастағы жергілікті тұрғын құрықталды.

Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Қуанышбек Жұманов хабарлады.

«Батыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері арнайы операция өткізу барысында Оралдағы сауда үйлерінің бірінен 35 жастағы жергілікті азаматты ұстады. Ол қолдан жасалған 100 долларлық купюраларды өткізбекші болған. Тексеру кезінде одан осындау 7 ақша алынды. Сараптаманың қорытындысына сәйкес, алынған купюралар қолдан жасалған болып шықты»,-деді Қ. Жұманов.

Материал облыстық Қаржы полициясына тергеуге берілді.