Оралда ақша айырбастау пункті өртенді
17:08, 04 Қаңтар 2016
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін таңғы сағат 09.14-те «Ел ырысы» базары маңында ақша айырбастау пунктінің өртенгені жөнінде хабар түскен.
Облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, өрт аумағы 60 шаршы метрді қамтыған. Өрт сөндіруге бес техника қатысты.
Қазіргі кезде өрттің шығу себептері мен келтірілген шығын анықталу үстінде.