ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда ақша бопсалаған тұрғын қолға түсіп, тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық ішкі істер департаменті ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері ҚР ҰҚК БҚО бойынша департаментімен бірлесіп, 1984 жылғы К. деген азаматты құрықтады.
БҚО ІІД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, ол Орал қаласының тұрғынынан 200 мың теңге бопсалаған.
Қазіргі кезде Абай полиция бөлімі аталған дерек бойынша ҚР ҚК 194-бабы 2-бөлігіне (қорқытып алу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.
Айта кетейік, мұндай қылмысқа барған адам мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).