ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда ақтөбелік блогер Мұрат Бірмағамбетов жетінші қабаттан секіріп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 27 қараша күні «Жеңіс» шағынауданында болды.
«Сағат 10.40-та 7-үйдің жанынан 1984 жылғы ер адамның мүрдесі табылды. Ол жетінші қабат балконынан секіріп, өзіне-өзі қол жұмсаған. Оқиға орнынан марқұмның өзі жазып кеткен жазба табылды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 105-бабына (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», деп хабарлады ведомстводан.
Әлеуметтік желіден мәлім болғанындай, блогер әрі вайнер, Ақтөбе КВН құрамасының бұрынғы капитаны болған Мұрат Бірмағамбетов 19 қараша күні жоғалып кеткен еді. Соған байланысты іздеу салынған болатын.
Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).