Оралда Ақжайық ауданы көркемөнерпаздары концерт қойды
11:37, 12 Ақпан 2010
ОРАЛ. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласындағы Жастар мәдениет үйінде Ақжайық ауданы көркемөнерпаздары концерттік бағдарламасын облыс жұртшылығының назарына ұсынды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әдеби-сазды композициямен басталған кеш ақжайықтық әнші-бишілердің өнеріне ұласты. Әсіресе, үлгілі «Сымбат» бишілер тобы «Тәуелсіздік туы» би композициясынан басқа да нөмірлерін сәтті шығара білді. Сондай-ақ Көшерғали Макаров, Сұңғат Жанаев, Венера Нұрғалиева сынды әнші-жыршылар, «Белес» вокалды-аспапты ансамблі, аудандық халықтық ұлт аспаптар оркестрі көрермендер көңілінен шықты.
Аудан әкімі Абай Иманғалиев өңірде мәдениет пен өнерге ерекше көңіл бөлініп отырғанын айтып, жиналған жұртшылыққа ризашылығын білдірді.
Аудандардың есептік концерттері бұдан кейін де жалғасады. Айталық, ақпанның 16-сында Бөкей ордасы ауданы өнерпаздары концерт қояды.