ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда «Алатау» автобазары өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен алынған мәліметке қарағанда, С.Тюленин көшесі 72-мекенжайында қосалқы бөлшектер сататын «Алатауда» ангар үлгісіндегі бес контейнердің отқа оранғаны жөнінде таңғы сағат 06.18-де хабар түскен.
Өрт аумағы 280 шаршы метрді қамтыды (автобазардың жалпы аумағы - 1200 шаршы метр),
«Тілсіз жау» 07.17-де оқшауланып, 08.24-те ауыздықталды.
Қазіргі кезде шығу себебі анықталып жатқан өртті сөндіруге 34 қызметкер, 9 техника жұмылдырылды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).