Оралда алаяқ 81 жастағы зейнеткердің 23 мың долларын үптеп кетті

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қалалық ішкі істер басқармасының жедел тергеу тобы кезекті алаяқты қолға түсірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталған алаяқ 81 жастағы әйелдің сеніміне кіріп, үй алып беруге жәрдемдесемін деген сылтаумен 23 мың АҚШ долларын жымқырып кеткен. Соның салдарынан зейнеткерге 7 млн. 613 мың теңге шығын келтірілген.

Тергеу барысында 33 жастағы күдікті өз кінәсін мойындады.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 190-бабы 4-бөліміне сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік, биыл жыл басынан бергі екі айда облыс көлемінде 172 алаяқтық дерегі тіркелген.