Оралда алимент төлеуден жалтарған 200-ге жуық адам жауапқа тартылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласы мамандандырылған әкімшілік соты жыл басынан бері алимент өндіру туралы сот актісін орындамағаны үшін 196 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, сот орындаушылары олардың атына берешектерін өтеу туралы бірнеше рет хабарлама жіберсе де, шара қолға алынбаған.

Сот 196 адамды ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 669-бабына сәйкес жауапқа тартты. Соның ішінде 124-іне қамау, 72-сіне әкімшілік айыппұл түріндегі жаза қолданылды.