ОРАЛ. KAZINFORM – Оралда апатқа байланысты қаланың бірқатар бөлігінде 4 мыңнан астам абонент жарықсыз қалды.
«Батыс Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы» ЖШС-дан мәлім еткеніндей, бүгін «Керуен» базары және №31 мектеп ауданында электр желілеріндегі апатқа байланысты жарық сөндірілді. Мұнда 2 423 абонент жарықсыз қалды. Сондай-ақ №4 шағынауданында осындай себеппен 643 абонент, «Айгүл» ауданында 1 316 абонент жарықсыз отыр. Қазіргі кезде қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.
Бүгін Оралда күн желді болып тұр.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).