ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда ер адам тоғыз қабаттың үйдің төбесінде балалар арбасымен жүрген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әлеуметтік желіде таралған бейнежазбада ер адамның Захаров көшесі, 3-үйдің төбесінде баламен қыдырыстап жүргені, оған коронавирустың қауіпті еместігі айтылады.
БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің айтуынша, оқиға 2 сәуірде орын алған.
«Ер адам балалар арбасына қуыршақ салып алып, тоғыз қабатты үйдің төбесінде әрлі-берлі жүрген. Оған мұндай қадамға барудың дұрыс еместігі айтылып, ескерту жасалды», деді ҚазАқпарат тілшісіне Б.Белгібеков.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да төтенше жағдай талабын бұзған ақтөбелік жүргізушінің қамауға алынғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).