Оралда «Арбат» дәмханасы өртеніп, 5 адам ауруханаға жеткізілді
Орал қаласында «Арбат» дәмханасы өртеніп, 5 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Kazinform.
Фото: БҚО ТЖ департаменті
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 21 қазан күні Зачаган кенті М.Мөңкеұлы көшесі бойында болды.
«Сағат 22.05-те «Арбат» дәмханасынан өрт шықты. Асүй бөлмесінде шамамен 20 шаршы метр аумақта асүй жабдығы мен бензин генераторы жанған. Салдарынан 5 адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді. «Тілсіз жау» сағат 22.40-та оқшауланып, 22.46-да ауыздықталды. Оқиға орнында БҚО ТЖ департаментінің жеке құрамынан 49 адам 15 техникамен жұмыс жасады», деп хабарлады ведомстводан.
Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталу үстінде.
Фото: БҚО ТЖ департаментіФото: БҚО ТЖ департаментіФото: Түркістан ТЖ департаменті
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).