ОРАЛ. KAZINFORM — Бүгін Орал қаласындағы Тұңғыш Президент атындағы орталық алаңда бір мезетте 200 адам арқан тартыстан сайысқа түсті.
Жарысқа «Жайық» және «Еділ» командалары қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Қызықты да тартысты өткен бәсекеде «Жайық» командасы жеңіске жетіп, көпшіліктің қошеметіне бөленді.
Аталған жетістік ресми түрде тіркеліп, Орал қаласы арқан тартыс бойынша Қазақстанның рекордтар кітабына енді.
Шараға арнайы келген Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов рекорд орнатылғанын жариялап, сертификатты салтанатты түрде табыстады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Жайық» командасының волейболдан Қазақстан чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).