Оралда әскери оркестрлер арасында өткен байқауда ақтөбеліктер жеңімпаз атанды

None
ОРАЛ. 26 наурыз. ҚазАқпарат - 26 наурыз күні Оралдағы 5517-әскери бөлімде әскери оркестрлер арасында байқау мәреге жетті.

Оған ішкі әскерлердің Батыс құрамасына қарасты Ақтөбе (6655-әскери бөлім), Орал (5517-әскери бөлім), Атырау (5546-әскери бөлім) және Ақтау (6656-әскери бөлім) қаласындағы бөлімдерден келген оркестрлер қатысты.

Аталмыш шара мақсаты оркестрлердің шеберліктерін сынап, үздіктерді анықтау болатын. Мұнда әр оркестр концерттік бағдарлама қойып, музыка ырғағымен саптық қимылдар көрсетті.

Байқау қорытындысында ақтөбеліктер жеңімпаз атанып, республикалық сайысқа жолдама алды. Батысқазақстандықтар - екінші, атыраулықтар үшінші орынды еншіледі.