Оралда «Атамекен» облыстық слеті өткізілуде
18:58, 30 Наурыз 2010
ОРАЛ. Наурыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығында «Атамекен» облыстық слеті өткізілуде.
Орталық директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Виктор Фоминнің ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, оған облыстың барлық дерлік аудандарынан жүзге тарта оқушы қатысуда. Биыл Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналып отырған дәстүрлі шара кезінде жасөспірімдер өздері жинаған тарихи деректерді, еліміздің экономикасы мен әлеуметтік дамуына, мәдениеті мен өнеріне қатысты жайттарды ортаға салады. Әсіресе, майданнан жазылған жауынгер хаттарын тебіренбей оқу мүмкін емес.
Слет ертең мәреге жетеді.