Оралда атылған оқтан ер адам жараланды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Кеше сағат 16.25 шамасында Полевая көшесі бойындағы «Нұржанар» зауыты маңында белгісіз біреу травматикалық қарудан 1974 жылғы тұрғынға оқ атқан, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО ІІД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, кеудесінен жарақат алған жәбірленуші облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілген. Қаралғаннан кейін үйіне жіберілген.

Осы бұзақылық оқиғасы бойынша ҚР ҚК 293-бабы 3-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Бірқатар сараптама тағайындалды.

Қазіргі таңда күдікті іздестірілуде.