Орындалмаған рейстердің жолаушыларына тамақ беріліп, тегін қайта брондау немесе билетті қайтару ұсынылды. Орал-Астана рейсінің жолаушыларына қонақүйге орналастыру, тамақтану және трансфер ұсынылды.
«Әуекомпания рейстерінің кешігуі және тоқтатылуы қауіпсіздік шараларынан туындағанын ескертеміз. Кідірістер туралы ақпарат алу үшін 7 7272 44 4478 жедел желі арқылы хабарласып, рейстердің мәртебесін әуекомпанияның ресми сайтында тексеруді сұраймыз», — деп түсіндірді әуе компаниясынан.