Оралда ауа райына байланысты ұшақтар ұшпай жатыр

Фото: Фото: Мақсат Шағырбаев/Kazinform

Орал қаласында ауа райына байланысты ұшақтар ұшпай жатыр, деп хабарлайды Kazinform. 

«Орал халықаралық әуежайы» ЖШС баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, қолайсыз метеожағдайларға байланысты Астана-Орал-Астана рейсі тоқтатылды.

Сондай-ақ Франкфурт-Астана-Орал рейсі де кешіктірілді.

«Атырау-Орал-Атырау және Түркістан-Орал-Түркістан рейстері тоқтатылды. Айта кетейік, Орал әуежайы ашық, әуе кемелерін қабылдауға және жөнелтуге дайын. Бірақ ауа райын ескере отырып, әуе компаниялары қону туралы шешімді қабылдайды. Қазіргі уақытта қатты желге қоса қар толассыз жауып тұрғандықтан, әуе компаниялары рейстерді кейінге қалдыру жөнінде шешім қабылдады», - деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралдан Таиландқа рейс ашылғанын жазған болатынбыз.