ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда ауа райына байланысты әуежай жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Орал» халықаралық әуежайынан мәлім еткеніндей, әуежай жергілікті сағат 14.00-ге дейін жабылды.
Fly Arystan ұшағы Оралдан Алматыға түнгі сағат 00.20-да ұшуы тиіс еді. Бұл рейс сағат 17.35-ке қалдырылды.
Ал Нұр-Сұлтан қаласынан Оралға ұшып келуі тиіс Эйр Астана рейсі келмейтін болды.
Fly Arystan ұшағының уақытында ұшпағаны жөнінде Әлия Жамитова есімді жолаушы Facebook-тегі парақшасында жазды.
Оның айтуынша, рейс алдымен түнгі сағат 02.00-ге дейін кідіртілген. Содан кейін Fly Arystan өкілдері сағат 17.35-те ұшатындарын айтып, ешқандай қонақүй берілмейтінін хабарлаған. Ә.Жамитова «Орал» әуежайының ескі ғимаратында ешқандай жағдай жасалмағандығын жеткізді.
Фото: www.facebook.com/aliya.zhamitova.9
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).